«Маленький принц » бөбекжай-бақшасы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының заңы бойынша заңды тұлға болып табылады.

Бөбекжай-бақшаның орналасқан орны:

Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Наурыз шағын ауданы, Ә.Тоқсанбаев көшесі, 606 ғимарат.

Ғимарат -2 қабатты және 1 қабатты 2 ғимараттан тұрады.

Жоба қуаттылығы: 145 орын

 Мектепке дейінгі ұйым білім беру және тәрбиелеу қызметін 2016 жылғы 01 шілде күнінен бастады.

Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие және оқыту стандартына сәйкес қазақ тілінде ,сондай-ақ орыс тілінде топтарды жинақтап,балаларға білім беру,тәрбиелеу және дамыту үрдісін іске асыруда.

Жалпы топ саны:  6

                     1. Ханшайым  (қазақ топ)   3-4 жас

                     2.Умнички      (орыс топ)  3- 4 жас

                     3.Ханзада       (қазақ топ)   4-5 жас

                     4.Солнышко   (орыс топ)   4-5 жас

                     5.Ойшылдар   (қазақ топ)  5-6 жас

                     6. Эрудит        (орыс топ)   5-6 жас

 «Маленький принц» балабақшасы тәрбиелеу-білім беру процесін төмендегі қағидалар негізінде жүргізеді:

1.Мектеп жасына дейінгі балалардың дене және жеке басының дамуын қамтамасыз ету,олардың ынталарын қанағаттандыру,жалпы адами және ұлттық құндылықтарға бейімдеу;

2.балалардың зияткерлік және жеке басының дамуын қамтамасыз ету,олардың ынталарын қанағаттандыру,жалпы адами және ұлттық құндылықтарға бейімдеу негізінде қабілеттеріне дамыту;

3.мектеп жасына дейінгі балаларда бастамашылықты,білімқұмарлықты,еркіндікті және шығармашылық жағынан өзін-өзі көрсету қабілетін дамыту;

4.балалардың мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын игеруіне жағдай жасау;

5.5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлаумен қамтамасыз ету;

6.Педагогтерге баламалы авторлау бағдарламаларды таңдау,қолдану,тәрбиелеудің,оқытудың және сауықтырудың жаңа технологияларын енгізу,пайдалану құқығын беру;

7.тәрбие мен білім алушы балалардың қызығушылығының және жеке қажеттіліктерінің,оның ішінде физиологиялық (ұйқы,тамақтану,демалу,таза ауада болу) қарым-қатынас танымдық,шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыру ерекшеліктерін ескере отырып жұмысты ұйымдастыру.

 «Маленький принц» бөбекжай-бақшасында балаларға ыңғайлы болу, дамыту және оқыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалынған:кең ойын мен жатын бөлмелер, музыкалық зал, дидактикалық құралдар мен ойыншықтардан жабдықталған кабинеттер, медициналық бөлме, тұрмыстық техникамен жабдықталған асхана.

 Мекеменің қауіпсіздігін замануи бейнебақылау жүйесі және лицензияланған «Бірлік Security» күзет агенттігі қамтамасыз етеді.

 Бөбекжай-бақшаның жұмыс жасау тәртібі: 5 күндік

 Қызмет көрсету уақыты: сағат 8.00 – 18.00 дейін